Кітапхана

Павлодар медициналық колледжінің кітапханасы осы оқу орнының орта буын медициналық қызметкерлер даярлау ісіне қатысатын маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ол кез-келген бөлімшесі секілді осы оқу орнының дамуымен бірге дамып келеді. Колледж тарихына үңілсек, біздің кітапхана өз бастауын сонау алыстағы 1935 жылдан бастаған, ол кезде Павлодар қаласында 44 адамы бар оқушылар құрамы мен 100 кітаптай кітап қоры бар кітапханасымен медициналық бибілер  мектебі ашылған болатын.

1940 жылдың 21 желтоқсанында ҚазКСРО денсаулық сақтау Халық комиссариатының Бұйрығымен медициналық мейірбике мектебі жабылды, бірақ оқушылар контингенті кітаптар қорымен Өскемен медициналық бибілер мектебіне ауыстырылды.

Соғыстан кейінгі қиын жылдары (1949ж.) Павлодар қаласында екіжылдық медициналық мейірбикелер мектебі қайта ашылды. Кітапхананың 1949 жылдан 1971 жылдарға дейінгі есепке алу құжаттарына сәйкес кітапхана қоры 20 000 дана болған, негізінен оқу әдебиеттері, марксизм-ленинизм негізін салушылардың шығармалары, қоғамдық-саяси және көркем әдебиеттер болған. 1949 жылдан 1971жылға дейін кітап қорын есепке алу ісі ретсіз жүруіне байланысты, 1971 жылдың шілде айында кітап қорын түпкілікті түгендеу ісі басталды, осы түгендеуден кейін кітапхана қоры  жаңа  инвентарлық кітаптарға ауыстырылады.

Кітапхананың суммарлық кітабына сәйкес кітапхана қоры 70 жылдардан бастап көбейе бастады, 1975 жылдың қыркүйегінде 32 775 сақтау бірлігі есептелді. 1980 жылы кітапханада салалық әдебиет 63695 дана болды, ал 1991 жылы кітапхананың инвентарлық кітабында 103056 дана кітап тіркелді.

2012 жылға қарай кітапхананың барлық  қоры 37 инвентарлық кітапқа тіркелді. Оқу кітапханасының кітап қоры 78869 данаға дейін өсті, оқу әдебиеттері санынының барлық қоры –   34 849 дананы құрады. Оқу әдебиетінің жалпы қоры –  34 849 дананы құрайды (оның ішінде мемлекеттік тілде –  4477 дана).

Қазіргі кезде колледждің кітапхана қоры барлық саланы қамтыған жан-жақты және бай кітап қоры- бұлар анықтамалық – библиографикалық аппарат, қазақстандық сондай-ақ, ресейлік анықтамалардан құралған жинақ, энциклопедиялық басылымдар, әртүрлі көркем әдебиет, жаздырып алынатын мерзімді басылымдардың үлкен көлемі, алайда, кітапханамыз үшін арнайы пәндер бойынша оқу әдебиеттерінің қоры мен медицина бойынша ғылыми монографиялар қоры ең маңыздысы болып табылады.