Instagram:VKCM_PVL Почта:lizey-7@mail.ru Facebook:ВКЦМВКЦМ YouTube:VKCM

Талант, өнертапқыштық, шығармашылық

2021 жылдың 23 сәуірінде Жоғары түсті металлургия колледжінде "Талант, өнертапқыштық, шығармашылық" атты кәдесый өнімдерінің шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға Павлодар қаласының Жоғары түсті металлургия колледжінің екінші және үшінші курс студенттері қатысты.
Конкурсты ұйымдастырушы "Жоғары түсті металлургия колледжі" ШЖҚ КМК оқу-өндірістік кешені болып табылады.
Конкурс онлайн форматта сайыс түрінде өтті, онда нақты тапсырмаларды орындау, кейіннен сапаны бағалау көзделді.
Конкурсты өткізу үшін материалдарды әзірлеу мен дайындауды өндірістік оқыту шеберлері жүзеге асырды.