«Ертіс таңы»

2019 жылғы маусым айының 14-де «Ертіс – Павлодар»  облыстық телеарнада «Ертіс таңы» телебағдарламасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  тақырыбына арналған болатын. Онда Облыстық техникалық инсталляция сайысының жеңімпаздары- Павлодар техникалық сервис  колледжі және Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері қатысты. Сонымен бірге Павлодар облысы Білім беру басқармасының ТжКББ оқу-әдістемелік кабинетінің методисті Шынгысова Мира Капановна және Павлодар түсті металлургия колледжінің методисті Сергазина Акмарал Сансызбаевна шақырылды.