03.05. 2019 жылы ERG корпорациясының ашық есік күні өтті.

Аталған іс-шараға "Павлодар түсті металлургия колледжі" ШЖҚ КМК студенттері шақырылды.

Балалар "Қазақстан алюминийі" АҚ және "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ барды. Студенттер кіріспе нұсқамадан өтті, ERG корпорациясы туралы бейнеролик көрді, зауыттар мұражайларына және кәсіпорындардың негізгі цехтарына барды.

 Студенттер алдында "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ персонал жөніндегі вице-президенті Р.М. Колдашев сөз сөйледі, ол барлық сұрақтарға жауап берді.